• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Бокс 20 Сәуір, 2021

Екі аруымыз финалда, үшеуі қола медальді қанағат тұтты

240 рет
көрсетілді

Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалдық сайыстары аяқталып, ақтық сынға жолдама алған арулар толықтайанықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

60 кило салмақтағы Жұлдыз Шаяхметова өзбекстандық Дильфуза Бековадан басым түссе, 75 кило салмақтағы Дана Дидай сол елдің тағы бір өкілі Сохиба Рузметовадан айласын асырды. Төрешілер тарапынан бұл кездесулердің екеуінде де біздің сұлулардың үстемдігі еш күмін туғызған жоқ.

Ал Жасмин Қизатова (69 кило) польшалық Барбара Марчинковскаға, Әсел Сағатова (81 кило) ресейлік Ксения Олифиренкоға және Елдана Тәліпова (+91 кило) молдовалық Дария Козорезге жол беріп, қола медальді қанағат тұтты.