• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Сәуір, 2021

Көмір индустриясындағы маңызды келісім

593 рет
көрсетілді

Көмір индустриясындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мақсатында жауапты мемлекеттік орган мен салалық өнеркәсіп жұмыс берушілері, сондай-ақ кәсіподақтар арасында 2021-2023 жылдарға арналған келісімге қол қойылды.

Көмір өндірісі үшін маңызды құжатқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, Тау-кен өндіру және тау-кен метал­лургия кәсіпорындары қауым­дастығының атқарушы дирек­торы Николай Радостовец, «Бога­тырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Николай Кор­саков, «Қазкөміртек» көмір өндіру­шілердің салалық одағының төрағасы Марат Миргаязов, «Қазпрофметалл» тау-кен металлургия салалық одағының төр­ағасы Асылбек Нұралин, сол секілді Көмір өнеркәсібі қыз­мет­керлері кәсіподағының төр­ағасы Михаил Никифоров қол қойып, ортақ келісімге келді.

Арнайы жұмыс тобы аталған құжатты 9 ай ішінде дайын­дағанын айта кеткен орынды. Шамамен 35-ке жуық оты­рысы өткізіліп, күрделі келіс­сөздер нәтижесінде ортақ келі­сімге қол жеткізіліп, оның негізінде көмір өндіруші кәсіп­орындарда ұжымдық шарттар әзірленіп, қабылданады.

Бұл ретте тиісті келісімде көз­дел­ген әлеуметтік-экономи­калық жеңілдіктер мен кепілдік­терді барлық тарап орындап, сақ­тауға міндетті. Олар ұжым­дық шарттарда немесе жұмыс беру­шінің актілерінде бұрма­лан­бауы тиіс. Сонымен қатар ұжым­дық шарттарда қосымша әлеу­мет­тік кепілдіктер қарасты­рылуы мүмкін.

«Осы құжаттың әлеуметтік әріп­тестікті дамытуда, өңір­лер­дегі тұрақтылықты қамта­ма­сыз етуде, сондай-ақ бар­лық тарап арасындағы тең құ­қық­ты диалог арқылы сақ­тауда маңызы зор. Аталған келі­сім еңбек жағдайларын жақ­сартуға, қауіпсіз жұмыс жағ­дай­ларын жасауға, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеу жүйесін жетіл­діруге, қызметкерлердің білік­тілігін арттыруға және жастармен жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл мәселелер әсіресе коронавирус пандемиясы кезеңінде өзекті», деді Н.Радостовец.

Үш жылға арналған құжатқа сәйкес, еңбек ұжым­дарында қо­лай­лы әлеуметтік-психо­ло­гия­лық климатты сақтау, еңбек дауларының алдын алу және ескерту бо­йынша бірлес­кен ш­а­ралар қабылдау, әлеумет­тік-ең­бек жанжалдары мен ереуіл­дерді болдырмауға бағыттал­ған іс-ша­раларды өткізу жоспарлануда.

Тараптар өндірісті жаңғырту мен өсіруді ынталан­дыруға, көмір саласына жаңа технология­ларды енгізу­ге, қызмет­кер­лер­дің табысын арттыруға бағыт­талған экономикалық саясат жүргізуге уағдаласты. Сонымен қоса көмір өндірісінің дамуына жәрдемдесуге, көмір тасымалдау бағасының негізсіз өсуін тежеуге, инвестиция­лар тартып, салалық стандарттарды енгізуге және тауарлар сертификаты бойынша жұмыс жүргізуге әрі білікті кадрлар даярлау жүйесін жетілдіруге әзір екендерін жеткізді.

Әлеуметтік әріптестік аясында көмір компаниялары­ның қыз­меткерлері үшін әлеу­мет­тік кепілдіктер, атап айтқан­да уақытша еңбекке жарам­сыз­дыққа байланысты, бала туған жағдайда, зейнет жасына толғанда еңбек шарты бұзылған кезде біржолғы жәрдемақы және тағы басқа қолдау тетіктерімен қамту қарастырылады.