• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Сәуір, 2021

Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар

236 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында коронавирус індетінің алдын алу үшін халықты вакциналау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері бірінші кезекте инфекционист, реаниматолог дәрігерлер, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем, қабылдау бөлімшелері мен емхана қызметкерлері және эпидемиолог дәрігерлер де коронавирусқа қарсы вакцина алған. Енді қауіпті індеттің таралуын болдырмау үшін өңірде отандық өнімдерді де пайдалану жоспарланып отыр.

«Биыл екінші тоқсаннан бас­тап отандық «QazCovid-In» препаратымен де вакциналау жүргізу жоспарлануда. Вакцинаның тү­суіне қарай вакциналаудың үшінші кезеңінде өңірдегі білім беру мекемелерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, медициналық-әлеуметтік ме­ке­­ме­лердің және құзырлы құ­ры­­лымдардың барлық қыз­мет­керлері, сондай-ақ халық сана­ғы­мен айналысатын қыз­мет­кер­лер мен студенттер егіледі», дейді облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Бүгінгі таңда коронави­рус инфекциясына қарсы вак­ци­на­лаудың бірінші және екін­ші кезеңін өткізу үшін об­лыс­та 20 емдеу мекемесі жұ­мыс істейді. Барлық емханада егу жұмыстары санитарлық та­лап­тарға сай жү­зе­ге асыры­ла­ды. Негізі өңірде биыл вак­ци­на­ның түсуіне қарай 18 жас­тан асқан 593 700 адамға вакцина салу жоспарланған. Бұл облыс хал­қының жалпы санының 52 пайызын құрайды. Сонымен қа­тар облыстық денсаулық сақ­­­­тау басқармасының мәлі­ме­­­тінше, кейіннен халықтың қо­­сымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарда бар. Ағымдағы жыл­дың сәуір айындағы мәлімет бойынша, вакцинаның бірінші ком­по­нентімен барлығы 14 005 адам егілген. Оның ішінде медицина және білім саласының қызметкерлері, күштік құрылым мамандары, мемлекеттік қыз­мет­шілер, студенттер мен жалпы тұрғындар да бар. «Алғашқы егуді алған 14 005 адамның ішінде 5 651 адам 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын салдырды. Алайда вак­ци­на алғандар тарапынан ден­сау­лы­ғына теріс әсер беріп, шағым кел­тіргендер тіркелген жоқ», дейді Ә.Қалиев.

Ал  Жамбыл облысы бойынша санитариялық-эпиде­мио­логия­лық бақылау департаменті бас­шы­сының орынбасары Бағлан Қыдырбаевтың айтуынша, облыс аумағында коронавирус індетіне екпе жүргізетін 36 екпе кабинеті, бірінші жылжымалы екпе пункті мен 16 көшпелі екпе жүргізетін бригадалар жұмыс жүргізуде.

«Вакцинаны сақтау және тасымалдауға арналған тоңа­зыт­­қыштар мен рефрижераторлы типтегі кіріктірілген тоңа­зытқышы бар белсенді тер­мо­контейнерлер жеткілікті мөл­шер­де алынды. Дайындықтан өткен 1 022 медицина қызметкері екпе жұмыстарына тартылды. Коронавирус індетіне қарсы вакциналау екі кезеңмен жүр­гізіледі. Бірінші кезеңде вак­ци­на­ның бірінші компоненті салынып, арада 21 күн өткеннен кейін екінші компоненті салынады. Екпе салар алдында медицина қызметкері екпе алушыны ме­ди­циналық тексеруден өткі­зіп, ешқандай медициналық қарсы көрсеткіштер болмаған жағ­дайда ғана екпе алушының ресми рұқсатынан кейін вакцинаны салады», дейді ол.

Бүгінде вакцина облысқа кезең-кезеңімен жеткізіліп отыр. Қазіргі уақытта вакцинаның бі­рін­ші компонентінің 15 500 дозасы алынған. Вакцинаның екінші компонентінің де 15 500 дозасы жеткізілген. Тұрғындарға екпе жү­р­гізу жұмыстары жалғасуда. Жалпы, биыл облысқа 582 мың доза коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасын жеткізу жоспарланған.

«Қазіргі таңда біз қолданып отырған Ресей мемлекетінің өндірісінен шыққан «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) вакцинасы. Бұл вакцина кезең-кезеңімен сынақтан өткеннен кейін ғана өндіріске енгізіліп отыр. Алдағы уақытта елімізге отандық өнді­ріс­тен шығатын вакцинаны қол­дану жоспарда бар», дейді Б.Қыдырбаев.

 

Жамбыл облысы