Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бокстан халықаралық турнир жалғасуда. Кеше тағы үш жерлесіміз шаршы алаңға шығып, үшеуі де жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
69 кило салмақтағы Асланбек Шымбергенов румыниялық Дмитру Виколадан басым түсті. 81 кило салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Ришат Бакировты ұтты. 91 кило салмақтағы Айбек Оралбай үндістандық Наман Танварға тізе бүктірді.
Ал жарыстың алғашқы күні 57 кило салмақта өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов италиялық Халит Фрицмазды, 75 кило салмақтағы Әбілхан Аманқұл нидерландықтық Макс Ван дер Пасты жақсылап тұрып сабаған болаты. Ал 63 кило салмақтағы Зәкір Сафиуллин молдовалық Александр Проскивтен жеңіліп қалды.