Қазақстандық теннисші Александр Бублик Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 1 565 480 евроны құрайтын АТР турнирінің екінші кезеңінен аса алмады, деп хабарлайды Egemen.kz
Тұсаукесер кездесінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте 48 орында тұрған Алехандро Давидович-Фокинадан айласын асырған еді. Екінші кезеңде ол Алекс де Минаурмен шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде АТР рейтингінде 25 орынға жайғасқан 22 жастағы Аустралия теннисшісінің асығы алшысынан түсті. Ол 7:6, 6:2 есебімен басым түсті. Түркияның Ыстанбұл қаласында WTA турнирі басталды. Жүлде қоры 235 238 АҚШ долларын құрайтын жарыста Зарина Диас өнер көрсеткен еді. Алайда ол Эстонияның ең үздік теннисшісі Клаудио Канепиеге 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.