• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2021

Ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды

1399 рет
көрсетілді

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдеш өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растап отыр.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Жармұхаммед.

ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдар мен мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.

Соңғы жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Шығармалары:

Көкше құрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979; Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984; Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985; Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма-портреттер. А., «Жалын», 1988; Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996; Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001; Бәрінің асығы. А., «Жазушы», 2005; Бұрылыс. А., «Сөздік-словарь», 2007.

Түрлі басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланған.