Кеше, 21 сәуір күні Алматы облысындағы Қошмамбет пен Ұлан ауылының арасындағы жолда ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz
ГАЗель көлігі жүргізушісінің айтуынша, қолайсыз ауа райына қарамастан, Mitsubishi Lancer мен Mercedes-Benz C-клас көлік иелері бір-бірін басып озбақ болған.
Алайда Бішкек-Алматы тас жолында Mitsubishi жолдан ұшып кетсе, Mercedes ГАЗельге бетпе-бет барып соғылған.
Жол апатынан зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жеткізілген. Ал тағы бір жолаушы апат болған жерден кетіп қалған.
Mercedes-Benz C-клас-тың 20 жастағы жүргізушісі мен Mitsubishi Lancer-дің 27 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.