• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 22 Сәуір, 2021

Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет

285 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте жол құрылысы саласындағы стандарттардың мүлтіксіз сақталуын қадағалауды күшейту бойынша кешенді шаралар қабылдау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Үкіметке елдің көліктік және транзиттік әлеуетін барынша пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды, сондай-ақ бұлар жол пайдалану мен құрылысына ғана қатысты болмауы керектігін баса айтты.

– Тұтас кешенді мәселелерді, соның ішінде шетелдік серіктестермен келіссөз жұмыстарын, шекарадан жылдам өту, жолды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу сияқты мәселелерді шешу қажет. Бәсекелестік күшейіп барады, бір орында тұруға болмайды, –  деді ел Президенті.