• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Сәуір, 2021

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

286 рет
көрсетілді

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейді. Бұл туралы Egemen.kz Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдік турнир 6-17 мамыр аралығында Канадада өтуі тиіс болған. 

«Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын», деді IIHF басшысы Рене Фазель. 

Әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы коронавирус індетіне байланысты турнирді өткізуден бас тартқан.  Былтыр өтуі тиіс турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай отыр.