Аустралияның Qantas әуекомпаниясы жолаушыға ұшақтағы бір қызмет үшін 770 миллион доллардың төлемін шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аустралиялық әзілкеш Дэйв О 'Нил (Dave O' Neil) Мельбурннан Пертке ұшаққа билет алып, базалық тарифке кірмейтін орындық алдындағы кеңейтілген орын қызметін пайдаланғанын. Алайда кейінірек ер адам компанияға 770 миллион доллар қарыз екенін білген.
Бұл туралы әзілкеш өзінің твиттер желісіндегі парақшасында жазды.
Әдетте, әуекомпаниялар мұндай қызмет үшін көп ақы алмайды. Ал ер адамға жоғары бағаның көрсетілуі брондау жүйесіндегі қателікке байланысты болған.