• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды

472 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан әкімдігі аула орталықтарын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Жыл сайын елорданың әр ауданында аула клубтарының саны артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды. "Қолөнер орталығы" жаңа аула клубының тәрбиеленушілеріне (Нәжімеденова 10/3) қолөнер, зергерлік жұмыс, пішу және тігу, қыш және сәндік-қолданбалы өнермен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.

«14-29 жас аралығындағы жастармен жұмыс істейміз. Қолөнер шеберлігі — ата-бабаларымыздың мұрасы. Халқымыздың тарихы өте бай. Басты мақсат – жастарды қолөнерге үйрету, ұлттық кодты сақтау және әрине мәдениетімізді барынша насихаттау. Арамызда өмірін қолөнерге арнаған отбасылар бар. Балалар бізден белгілі бір білім алып, табыс таба алады», деп атап өтті «Қолөнер орталығы» аула клубының жетекшісі Рауза Балмағамбетова.

Осылайша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 27 аула клубы жұмыс істейді, ал олардың тәрбиеленушілерінің саны үш мыңға жуықтады.

«Мен осы аула клубын құру туралы анам арқылы білдім, ол мені осында тіркеуді жөн деп санады. Ал мен қатты қуандым. Себебі қолөнермен, тігінмен айналысқанды ұнататынмын. Болашағымды осы саламен байланыстырамын. Ұлттық киім дизайнері болғым келеді», деді «Қолөнер орталығы» аула клубының қатысушысы Жанель.

Елордалық аула клубының басты артықшылығы — балалар тегін қатыса алады. Сондай-ақ, қала бойынша аула клубтары жұмыс істейді, онда балалар спортпен, модельдеумен, робототехникамен, музыкамен, бимен және т.б. бағыттармен айналыса алады.

Сондай-ақ, елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Өткен жылдың өзінде қала әкімдігі 76 гектардан астам аумақты абаттандырды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). Биыл бұл жұмыс белсенді түрде жалғасатын болады.

Бос уақыт өткізу орталықтарын ашу және аулаларды/қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру қала тұрғындарын спортпен айналысуына мүмкіндік береді.