• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2010

МИНИСТРЛІКТЕ ӨТКЕН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

506 рет
көрсетілді

Қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қылмысқа қарсы күрестің жай-күйі қалай және полицияның жұмысын жақсартуда нендей қолдаулар қажет. Осы мақсатта кеше Парламент Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен Ішкі істер министрлігінде көшпелі отырыс болып өтті. Алдымен депутаттарға ІІМ ау­ласында қойылған құрал-жабдық­тар мен техника түрлері көрсетілді. Оны көруге Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов та келді. Мұнда ішкі істер органдарының қызметінде пайдаланылатын ұтқыр жедел басқару орталығы, жылжы­ма­лы полиция пункті, бортты ком­пьютері бар автопатруль, ұтқыр криминалистикалық және жарыл­ғыш зертханалар және өзге де тех­ника түрлері қойылыпты. Алайда, мұндай ұтқыр техникалық зертха­на­лар тек ірі қалаларда ғана бар екен. Тікұшақтың өзі еліміз бой­ын­ша үшеу көрінеді. Қару-жарақ және өзге де жабдықтардың ішінде отан­дық өнімдер тіпті жоқ. Олардың дені Ресейде шығарылған.  Ортаға шыққан полиция қызметкерлері  жекпе-жек төбелесінің тәсілдерін, қарудан қорғанудың қойылымын көрсетті.  Сондай-ақ, депутаттар ІІМ мен Астана қаласының ІІД же­дел басқару орталықтарының жұ­мысымен танысты. Көшпелі отырысты Мәжіліс Төр­ағасының орынбасары Влади­мир Бобров жүргізіп отырды. Алды­мен Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов баяндама жасап, еліміздегі криминогендік ахуал мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың жай-күйі туралы жан-жақты ақпарат берді. Оның мәліметіне қарағанда, ауыр, аса ауыр қылмыс 7,2 және 2 пайызға қысқарған. Тиісінше, ұр­лық, тонау қылмыстары айтарлық­тай өскен. Мысалы, тонау 22 пай­ыз­ға, ал пәтер ұрлығы 39,7 пайызға көбейген. 2010 жылдың бірінші жар­тысында ішкі істер органдарын­да тіркелген қылмыстар саны 14 пайызға өсіп, 29,3 мыңға жеткен. Министр мұны қылмыстық істерді тіркеудің жақсарғандығымен түсін­дірді.  Осы ретте нашақорлар саны 53 мыңға жетсе, соның 3,5 мыңы жас­өспірімдер және 4 мыңы әйел­дер көрінеді.  Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағ­дарламасы бойынша “Оңтүстік” (Шымкент қаласы) және “Орталық” (Қарағанды қаласы) арнайы өңір­аралық есірткі бизнесіне қарсы кү­рес басқармасы құрылған. Жыл ба­сы­нан 2,5 мыңнан астам есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 793 фактісі анықталыпты. 1 тонна есірткі, оның ішінде 27 ки­лограмм героин тәркіленген. Биыл еліміз аумағына 196 мың шетелдік, тағы 170 мың ТМД аза­мат­тары келсе, олар тарапынан 540 қылмыс жасалғаны белгілі болды. Қылмыстың денін ұрлық, есірткі саудасы, тонау және кісі өлтіру құ­ра­ған.  2009 жылы жол-көлік оқи­ға­сының саны 8,8 пайызға, зардап шеккендердің саны 10 пайызға, ал қаза болғандар саны 13,5 пайызға қысқарыпты. Сонымен қатар, министр өз ведомствосы ішіндегі жемқорлық әрекеттерге де тоқталды. Мәселен, сенім телефоны арқылы 507 шағым түссе, соны тексеру арқылы 35 по­ли­ция қызметкері тәртіптік жазаға тартылған. Биыл жемқорлық қыл­мыс бойынша 507 факт анықталса, өткен жылы ол 169 болған екен. Осының көпшілігі ішкі қауіпсіздік қызметі көмегімен жүзеге асыры­лып­ты. Осы орайда министр Құ­қықтық саясат тұжырымдамасы аясында бірқатар өкілеттіктерді өзге ведомстволарға беру қажеттігіне ерекше тоқталды. Бұл өз кезегінде полиция күшін қылмысты ашуға бағыттауға мүмкіндік берер еді. Депутаттардың министрге қой­ған сұрақтары да аз болған жоқ. Әсіресе, депутаттарды Қырғыз­стан­да­ғы қару-жарақтардың шекара асып кетпеуі мәселесі қатты алаң­да­тып отыр. Сондай-ақ, заңнама­лық базаның  жетілдірілуі керектігі және полиция қызметкерлері жал­ақы­сының әлі де мардымсыз күйін­де қалып отырғаны да айтылмай қалмады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.