26 мамырда сағат 11:00-де Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халықпен есептік кездесуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды мына электрондық мекенжайларға: a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz немесе + 7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Кері байланыс орнату үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсетуіңізге болады.
Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.