• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 23 Сәуір, 2021

Дархан Қыдырәлінің «Жауһар жырдың тәжін киген Низами» атты мақаласы әзербайжан тілінде жарық көрді

359 рет
көрсетілді

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Жауһар жырдың тәжін киген Низами» атты мақаласы Әзербайжан Республикасының ресми басылымы «Respublika» газетінде әзербайжан тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мақалада автор әзербайжан халқының дүлдүл ақыны, ұлы ойшыл Низами Гәнжауидің рухани мұраларының түркі әлемінде алатын орны туралы баяндайды. Сонымен қатар, оның шығармаларын қазақ поэзиясы классиктерінің туындыларындағы ой-пайымдармен сабақтастыра зерделейді.

Айта кету керек, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 2021 жылды әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Низами Гәнжауидің 880 жылдық мерейтойына орай «Низами Гәнжауи жылы» деп жариялады. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы Низами Гәнжауи жылы аясында халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар ұйымдастырып, ақынның шығармаларын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Мақаланың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://www.respublica-news.az/index.php/dig-r-x-b-rl-r/m-d-niyy-t/item/33274-sheir-zhoevhaerinin-tadz-nizami