Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалдық сайыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасы мүшелері арасынан алғашқы болып рингке Санжар Ташкенбай көтерілді. Аса жеңіл салмақта күш сынасқан қандасымыз ресейлік Роберт Бадалянмен айқасты. Бірінші раундта таразы басы тең болғанымен, екінші және үшінші кезеңдерде Ташкенбайдың мықтылығы еш күмән туғызған жоқ. Сөйтіп, Санжар әлем чемионы атанды!
Енді санаулы минуттардан кейін Ерболат Сабыр үндістандық Сачинмен,
Елнұр Сүйінбай жапониялық Рейко Цуцумимен және Сабыржан Аққалықов украиналық Бозорбой Матякубовмен қолғап түйістіреді.