• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2021

Қазақстанда климат мәселелері бойынша Орталық Азияның Аймақтық хабы құрылуы мүмкін

353 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мұндай ұсыныс Климат бойынша көшбасшылар Саммитінде талқыланғанын айтты. Бұл жөнінде ол Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АҚШ Президентінің Климат бойынша көшбасшылар Саммиті аясындағы дөңгелек үстелге қатыстым. Еліміздегі бейтараптыққа жетуге бағытталған шаралар жөнінде айттым. Жаңа Экологиялық кодекстің нормалары неғұрлым әлсіз секторлардың климаттың өзгеруіне бейімделу үрдісіне жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатынын атап өттім. Сонымен бірге еліміз АҚШ-тың жасыл қаржыландыру гранттық бағдарламаларына қатысуға дайын екенін жеткіздім. Бұл елдің 2050 жылға дейін төмен көміртекті даму Тұжырымдамасына сәйкес терең декорбанизация бойынша неғұрлым жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қажет. Аталған шаралар шығарындылар көлемін 71%-ға төмендетеді», деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек министр Қазақстан климаттың өзгеруі саласында ғаламдық күн тәртібін қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізген.

«Жалпы Қазақстан ТМД бойынша Париж келісімін бірінші болып ратификациялады, сонымен қатар біздің еліміз Орта Азияда «жасыл экономика» бойынша көшбасшы саналады.  Сондықтан Қазақстанда климат мәселелері бойынша Орталық Азияның Аймақтық хабын құру туралы бастама көтердім. Хабтың жұмысы арқылы Орталық Азияда «жасыл» экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, технологиялармен, білім және тәжірибемен алмасуға болады. Халықаралық қаржы институттарынан қолдау табуға мүмкіндік бар. Қазақстан климаттың өзгеруі саласында ғаламдық күн тәртібін қолдауға әрқашан дайын», деп жазды министр.