• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология 24 Сәуір, 2021

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері сенбілік өткізді

271 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері «Астана» триатлон паркінің аумағында сенбілік өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 24 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп санитарлық нормалар мен эпидемиологиялық жағдайды сақтай отырып, «Астана» триатлон паркінің аумағында жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікте коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған қызметкерлер болды.

50-ге жуық қызметкер аумақты санитарлық тазартудан өткізіп, қоқыстарды жинап, ағаштар отырғызды, осылайша қаланы абаттандыру мен көркейтуге өз үлестерін қосты.

Қала тұрғындарының осындай іс-шараларға қатысуы Қала үшін де, сенбілікке қатысушылар үшін де өте маңызды.

Өйткені, саябақ-бұл бүкіл отбасымен демалуға болатын көрікті аумақ.

Егер қаламызды таза ұстап, табиғатқа қамқорлық жасасақ, біз келешек ұрпақтың денсаулығына үлес қоса аламыз.

 

Соңғы жаңалықтар