• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Сәуір, 2021

Футбол: «Ордабасы» төртінші орынға көтерілді

240 рет
көрсетілді

Бүгін, 24 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің жетінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы ойында Шымкентте «Ордабасы» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары кездесті. Оңтүстік өңірдің екі клубы арасындағы кездесу тартысты өтті.

Есепті алғаш болып «Ордабасы» шабуылшысы Жоао Паоло 21-минутта ашты. Одан кейін қызылордалық клубтан Каролис Лаукжемис 25, 36-минуттарда қос гол соғып, өз командасын алға шығарды. Осылайша бірінші кезең «Қайсардың» басымдылығымен аяқталды.

Екінші кезеңде алаң иелері қатарынан Тимур Досмағамбетов 61-минутта мергендік танытса, 63-минутта Жоао Пало өзінің екінші голының авторы атанды. Ал 88 -минутта Рубен Бриджидо қорытынды есепті белгіледі. «Ордабасы» қарсыласын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде турнир кестесінде «Қайратты» артқа тастап, төртінші орынға көтерілді.

 

Соңғы жаңалықтар