• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Сәуір, 2021

Бағдат ауруханасындағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 82 адамға жетті

151 рет
көрсетілді

Бағдат ауруханасындағы өрттен қаза тапқандардың саны 82 адамға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz Baghdad Al Youm жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

«Ибн әл-Хатыб ауруханасындағы өрт 82 адамның өмірін жалмады, 110 адам, оның ішінде пациенттер де, аурухана қызметкерлері де зардап шеккен. Жарақаттанғандардың арасында жағдайы өте ауыр адамдар да бар», делінген ресми өкілдің мәлімдемесінде.

Бұған дейін сенбінің кешінде Бағдат қаласындағы коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған ауруханадан өрт шығып, салдарынан 45 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар