• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2021

Оралда көпқабатты үйден ер адамның мәйіті табылды

182 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, 24 сәуір күні сағат 14:36-да Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйдің үшінші қабатынан 1983 жылғы В. есімді ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мүрдені көршілер тауып алған. Марқұм бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алдын ала мәліметке қарағанда, есірткіні шектен тыс көп қолданған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, өлімнің себебі анықталып жатыр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, еуропа пішіндес ер адамның денесі екінші және үшінші қабаттың ортасындағы алаңда жатқан.