27-30 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 27-30 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», делінген хабарламада.