• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2021

Оралда тұрғын үй өртенді

169 рет
көрсетілді

Орал қаласында тұрғын үй өртеніп, 83 жастағы кейуана зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, оқиға 27 сәуір күні Желаев кентінде болған. Төтенше жағдайлар департаментіне тұрғын үйдің отқа оранғаны жөнінде хабар сағат 08.44-те Шоссейная көшесі №8 мекенжайынан  түскен.

«Өрттің аумағы 120 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан үй иесінің 1937 жылғы анасы жоғары қан қысымымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 09.43-те оқшауланып, 10.12-де толықтай ауыздықталды. Оқиға орнына 22 өрт сөндіруші, 6 техника, медициналық апаттар орталығы және Орал қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері жұмылдырылды», делінген хабарламада.