Сыр өңірінің «қызыл аймаққа» өтуіне байланысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде коронавирустық инфекциясының алдын алу шаралары қайта күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жабық мекемеге кіріп-шығатын барлық келушілер мен мекеме қызметкерлерінің маска тағып жүруі тексеріліп, дене қызуы өлшеніп, қалыпты деңгейде болғанда ғана кіргізіледі.
Мекемеге келушілер дезинфекциялау мақсатында орнатылған, компрессор тунель арқылы өтеді.
Сонымен қатар сотталғандар мен айыпталушылар серуенге шыққан уақытында, арнайы ғимаратта орналасқан камералар роторлы бүріккіштердегі дайындалған ертінділермен залалсыздандырылады. Өндірістік орындар мен асханада санитарлық жұмыстар күнделікті атқарылуда.
Қайта белең алған жұқпалы індеттен сақтанудың ең қауіпсіз жолы, вакцина қабылдау. Сондықтан бүгінде мекеме қызметкерлері мен қамауда ұсталып отырылған азаматтардың көпшілігі «Спутник V» екпесін салдырды.