• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2010

“ЖОЛ КАРТАСЫ” БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ

562 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкі­мет­те кезекті селекторлық кеңес болып өтті. Онда “бір терезе” қа­ғи­да­ты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұ­мы­сы және 2010 жылғы “Жол картасын” іс жүзіне асыру мәселелері қаралды. “Қазақстан Республикасы Әді­лет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету ко­­митетінің халыққа қызмет көр­сету орталықтары мемлекеттік ме­кеме­ле­рін жергілікті атқарушы орган­дар­дың қарамағына беру ту­ралы” 2010 жылғы 15 қаңтардағы Үкімет қаулысынан кейін елімізде жұмыс істеп тұрған барлық ХҚКО-лар жер­гілікті атқарушы ор­гандардың қа­рамағына берілген болатын. Се­лек­торлық кеңесте баяндама жаса­ған Әділет министрі Рашид Тү­сіп­беков қазір ХҚКО-ларға қызмет көрсету мәселелері бойынша әдістемелік және құ­қық­тық көмек көрсету шаралары ғана министрлікке жүктелгенін атап көрсетті. Өңірлердегі ХҚКО-лардың жұ­мысын одан әрі жандандыру мақ­са­тында “2010-2012 жылдарға ар­налған республикалық бюджет ту­ралы” заңға сәйкес ағымдағы жылы облыстық бюджеттерге жал­пы көлемі 7 миллиард теңгеден астам мақсатты трансферттер бөлінген. Ке­ңес барысында облыс әкімдік­тері­нің ХҚКО-лардың санын көбейту бағытында атқарып жатқан оң істері атап көрсетілді. Мә­селен, жергілікті атқарушы ор­гандардың құзырына берілген кезде олардың саны 316 болса, бүгінде олардың саны 335-ке жеткен. Селекторлық кеңесте ХҚКО-лардың жұмысын­да­ғы жергілікті жерлерде тұрғын­дарға жедел де сапалы қызмет көрсетуде орын алған проблемалар жан-жақты тілге тиек етілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүл­шара Әбдіқалықова баяндама жа­сады. Мемлекет басшысының тап­сырмасымен дағдарыс жылдарын­да өзінің тиімділігін көрсеткен “Жол картасы” бағдарламасының шара­ла­рын 2010 жылы да жал­ғас­тыру ту­ралы шешім қабылданған бола­тын. Осыған байланысты 2010 жыл­ғы “Жол картасына” респуб­ли­калық бюджеттен 100 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюд­­жет­тер қосымша 43,4 млрд. теңге қар­жы бөлу мәселесін қарас­тырып отыр. Маңғыстау облысы жергілікті бюджеттен тағы да 1 млрд. теңге қа­растыру мүмкіндігін тапты. 2010 жылғы “Жол картасы” бағыттары бойынша барлығы 3224 жоба жүзеге асырылмақ. Осы жобалар ауқымында атқарылатын жөндеу жұмыстарына 127,6 мың адам жұмысқа тартылмақ. Өткен жылдың соңында еліміз­дегі жұмыссыздар саны 532 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызды құраса, осы жылдың бірінші тоқсанының соңында жұ­мыссыздық деңгейі 6,1 пайызға дейін төмендеген. 2010 жылғы әлеу­меттік жұмыс орындары мен жас­тар тәжірибесі бағдарламалары шеңберінде шамамен 53 мың уа­қыт­ша жұмыс орнын ашуға 6,3 млрд. теңге қаржы көзделген. Бұл ба­ғыттағы кешенді шаралар өңір­лер­де биылғы жылдың басында-ақ қолға алынған. 6512 жұмыс беру­ші­мен 20424 жұмыс орындарын ашу туралы келісім-шарт жасалды. Қазірдің өзінде әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламалары бойынша халықтың нысаналы топтары қатарынан 17,7 мың адам жұмысқа орналасты­рыл­ды. Олардың ішінде 4,5 мың адам халықтың аз қамтамасыз етілген топтарының арасынан құралды. Селекторлық кеңесті Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қоры­тын­дылап, қаралған мәселелер бой­ынша орын алған проблема­лар­ды шешуге тиісті органдарға бір ай мерзім беретінін ескертті. Мау­сым айының басында бүгінгі күн тәртібінде қаралған мәселе­лер­ді қайтадан Үкімет отырысында талқылау туралы тапсырма берді. Елбасының тікелей тапсырмасы­мен биыл біз “Жол картасы” бағ­дарламасын одан әрі жалғастыру­да­мыз, бұл – халқымыздың жағ­дайын жақсартудан туындаған игі шешім. Сондықтан осы мақсатқа бө­лінген бюджет қаржысының ба­рынша тиімді жұмсалуын қадаға­лау­ды тапсырамын, – деді Премьер-Министр. Сонымен бірге К.Мәсімов көк­темгі су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облы­сы­на көмек көрсету мақсатында әрбір облыс 50 миллион теңге қар­жы аударуы қажеттігін атап көр­сетті. Өткен аптада, деді одан әрі Үкімет басшысы, Қырғыз Респуб­ли­касы уақытша үкіметінің өкіл­дері гуманитарлық көмек сұрап келгенін білесіздер. Елбасының тапсырмасымен бауырлас Қырғыз еліне гуманитарлық көмек ретінде 3 мың тонна жанар-жағармай беру ұйғарылды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.