Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Өзбекстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz uz.sputniknews.ru сайтына сілтеме жасап.
Ол Өзбекстанның қорғаныс министрі Баходир Курбановпен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.
Кездесу Бұхара қаласында өтеді. Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздік проблемалары, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Өзбекстан арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.
Сергей Шойгу өзбек еліне Тәжікстаннан ұшып келді.
Айта кетейік, ол кеше, яғни 27 сәуірде ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысып, өзінің тәжік әріптесі Шерали Мирзо және мемлекет басшысымен екіжақты келіссөздер жүргізген болатын.