Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің twitter аккаунтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
ҰЭМ басшысы Әсет Ерғалиев (@irgaliyev1) парақшасында экономикада болып жатқан процестер туралы пікірімен бөлісіп, ведомствоның қызметі мен бастамалары туралы хабарлап, өзекті тақырыптар бойынша қажетті пікірлерді беріп отыруды жоспарлауда.
«Құрметті оқырмандар! Twitter біз үшін өзара пікір алысу мен кері байланыстың тиімді алаңына айналады деп үміттенемін», деп жазды Әсет Ерғалиев.