Атырау облысында төрт айлық баланы анасы пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап
Сәуірдің 26-сы күні Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Көптоғай кентінде оқыс оқиға орын алды. 41 жастағы әйел төрт айлық баласын пышақтап өлтірген. «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, баласы жылауын тоқтатпаған соң анасы ас үй пышағын алып, жөргектегі баласының бірнеше жеріне сұғып алады.
Атырау облыстық Полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев күдіктінің ұсталғанын, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.