• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Сәуір, 2021

Алматыдағы жанармай бекетінде үш жұмысшы уланып қалды

369 рет
көрсетілді

Алматыдағы жанармай бекетінде үщ жұмысшы уланып қалған. Оқыс оқиқаға жұмысшылардың есептегіштің көрсеткіштерін алу үшін құдыққа түсуі себеп болған, деп жазады Egemen.kz.

Зардап шеккендер Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлердің айтуынша, қазір үш қызметкер де есін жиған. Десе де, әлі жансақтау бөлімінен шығарылмапты.

«Дәргерлер зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін айтып отыр. Реанимация бөліміне ес-түссіз күйдегі үш адам жеткізілді. Олар жанармай бекетінде метанмен уланған. Қазіргі уақытта үш науқас та есін жиды», деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі.