• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Сәуір, 2021

Тұңғыш Президент Мария Әуезоваға уәде берді

233 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда әлемнің ең биік нүктесі – Эверестті бағындырған елордалық Мария Әуезоваға аяққа арналған протездерді орнатуға көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Адам баласының осындай мүмкіндіктерді бағындырғанына таңданамын. Қазіргі медицинаның дамыған заманында, әлі-ақ орныңыздан тұрып, билеп кетесіз. Осындай протездермен жүрген адамдарды көрдім. Сондықтан сізге барынша қолұшымды тигізуге дайынмын», деді Тұңғыш Президент.

Елбасы сөз барысында қоластындағыларға тапсырма беріп, осы істі аяғына дейін жеткізуді тапсырды. Сондай-ақ ол 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай биік шыңға көтерілгенін еске алды.

«Бірақ бұл шыңның биіктігі 4 мың метрден асады. Мен оның не екенін білемін. Көтерілу ештеңе емес, түсу одан да қиын. Сондықтан көздеріңіз жанып тұр, бақыт әлі алда, жұбайыңызға, отбасыңызға рақмет! Барлық жақсылықты тілеймін!», деді Елбасы.

Еске сала кетейік, биылғы 19 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының екі аяғы жоқ тұрғыны Мария Әуезова Эверестті бағындырған алғашқы қыз болды.