Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финал ойындары басталды. Финал жолдамасын сарапқа салатын алғашқы матчта «Реал» мен «Челси» клубтары кездесті.
Испания астанасы – Мадридте өткен бірінші ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасты. Кездесудің 14-минутында қонақтар сапынан Кристиан Пулишич есеп ашса, араға 15 минут салып «Реал» шабуылшысы Карим Бензема есепті теңестірді – 1:1. Екінші таймда командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Енді финал жолдамасы 5 мамырда Лондонда өтетін қарымта кездесуде шешіледі.
«Реал» мен «Челсидің» Чемпиондар лигасының тарихында тұңғыш рет жолыққанын да айта кетейік.