Шығыс Қазақстанда ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері арасында СОVID-19-ға қарсы ерікті вакцинация басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Зайсан аудандық пробация қызметкерлері КВИ-ға қарсы вакцина алды. Зайсан ауданы бойынша вакцинаны алғашқылардың бірі болып Зайсан аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.
«Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана вирусты жеңіп, қалыпты тұрмыс-тіршілікке қайта оралатынымызға сенімiмiз мол. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы», деді аудандық ПҚБ бастығы әділет майоры Ермек Енсенов.