Алматыдағы қараусыз қалған кинотеатрлардың бірінен ретроавтомобильдер музейін ашу жоспарланып отыр, деп хабарайды Egemen.kz InAlmaty.kz сілтеме жасап
Портал мәліметінше, Түрксіб ауданында орналасқан кеңес заманындағы «Шұғыла» кинотеатрын қайта жаңғыртып, тек музей ғана емес, балаларға арналған орталық, шағын кинотеатр ашу жоспарланып отыр. Аталған ғимаратты 2019 жылы жеке инвесторлар сатып алған.
«2000-жылдардың басына дейін кинотеатр «Отау Синема» желісіне кірген. Содан кейін бұл жер қараусыз қалды, 2001 жылдан бастап жеке қолға өтті. Одан бері бес қожайын ауысты, бірақ ғимаратта өзгерген ештеңе жоқ. Соңғы қожайыны 2019 жылы келді, бұл компания ғимаратты қайта құру үшін техникалық шарттарға құжат тапсырды. Олар үлкен ретроавтомобильдер музейін жасауды жоспарлап отыр, сондай-ақ кинотеатрдың өзін сақтап, балалар балмұздақ кафесін ашуды қолға алуда», деп хабарлады Түрксіб ауданы әкімдігінің қызметкері.