Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде (Әзірбайжан) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірлескен оқу-жаттығу жиыны 25 сәуір күні басталған. Аталған жиын әлемдік іріктеу кезеңіне дайындық болып саналады.
5 мамырға дейін жалғасатын жаттығу жиынына Қазақстан сапынан барлығы он спортшы шақырту алған.
Олар:
Нұрислам Санаев Адлан Асқаров Сырбаз Данияр Данияр Қайсанов Нұрқожа Қайпанов Әлішер Ерғали Серік Бақытханов Юсуп Батырмурзаев Олег Болтин Азамат Дәулетбеков