• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 30 Сәуір, 2021

Алматы тауларында көшкін жүруі мүмкін

644 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алматы тауларында көшкін жүруі ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын болуына байланысты және қар жамылғысының тұрақсыздығы әсерінен 1-4 мамыр аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мамандар қар көшкіні жүру ықтималдығы себебінен қала тұрғындарына ескерту жасады. Таудың қарлы беткейлеріне және демалыс аймақтарына шығуға болмайтынын айтты.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, елімізде мереке күндері 36 градусқа дейін күн ысиды. Бірақ циклондар тұрақты емес. 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.