• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Сәуір, 2021

«Алтын Орда» маңындағы жол құрылысының қашан аяқталатыны айтылды

345 рет
көрсетілді

«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясының жаңа басшысы Асқар Маратұлы «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«ҚазАвтожол» басқарма төрағасының айтуынша, бұған дейін нысанды салған компания өз міндетін толық атқара алмаған. Сол себепті келісімшарт бұзылған. Кейін шұғыл түрде конкурс өткізіліп, жолайрық құрылысын жалғастыратын жаңа басшы тағайындалды.

«Бірінші «ДәулетСтрой» компаниясымен келісім 2017 жылы жасалды. Аталған компания жолайрық құрылысын толығымен бітіріп 2020 жылы тапсыру керек еді. Бірақ нысандар уақытылы бұзылмағандықтан және пандемияға байланысты құрылыс мерзімінде аяқталған жоқ.  Жасалған келісімшарт олардың міндеттемелерін толық орындамауына байланысты бұзылды. 30 сәуірде жаңа мердігермен келісімшартқа қол қойылды. Ол «СиноМиноСтрой» компаниясы. Осы жобаны аяқтауға атсалысады. Құрылысты биылғы жылдың қазанында аяқтауды жоспарлап отырмыз», деді Маратұлы.

Айта кетейік, 22 сәуірде Асқар Маратұлы «ҚазАвтожол» ҰК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын. Одан бұрын басшы болған Ұлан Әліпов Мемлекет басшысының сынынан кейін қызметінен босатылған еді.