• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2021

Маңғыстауда 500 адамға арналған спорт кешені бой көтерді

521 рет
көрсетілді

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында көп салалы «Сүлейман Промоушн» спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Салтанатты ашылу рәсіміне санитарлық талаптар сақтала отырып, шектеулі адам қатысты. Мерекелік жиынның шымылдығын ашқан облыс әкімі Серікбай Тұрұмов тұрғындарды мерекемен құттықтап, спорт кешенінің жұмысына сәттілік тіледі. «Бүгінгі күн – әрбір қазақстандық үшін туған жерге деген сүйіспеншілік пен адалдық, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Осы бір айтулы күні Ақшұқыр ауылында соңғы үлгідегі жаңа спорт кешені бой көтеріп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс», деген болатын. Бұл бағытта Маңғыстау облысы аумағында атқарылып жатқан ауқымды істер баршылық. Қала, ауыл тұрғындарына тегін спортпен шұғылдануға қажетті жағдай жасалған. Түпқараған ауданында  14 ашық спорт алаңы, 5 футбол алаңы, 5 көше тренажеры бар. Барлығы спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.