Өскемендегі Амурская көшесіне ұстаз, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Қанипа Бітібаеваның есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бүгін, 1 мамыр, Қанипа ұстаз тірі болса, 76-шы көктемін қарсы алар еді. Естеріңізде болса, «Egemen Qazaqstan» газетінің 30 қарашадағы нөміріне «Бітібаеваның атына бір көше бұйырмай тұр» атты мақала шыққан-тұғын. Жалпы, онамастика мәселесі Шығыс Қазақстандағы «Алтай асу» қоғамдық бірлестігінің үнемі назарында.