Қызылорда облысында КВИ-ға қарсы вакцина салдырғандардың саны 39601 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Өңір жұртшылығы ресейлік «Спутник V» және қазақстандық «QazCovid» вакциналарын салдыруға ниет білдіруде. Бүгінгі күнге дейін «Спутник V» вакцинасының 56300 дозасы жеткізіліп, оның 38942 дозасы игерілді. Аталған вакцинаның 29700-і облыс орталығындағы емханаларға таратылып, 20802-і пайдаланылды. Ал «QazCovid» әзірге тек Қызылорда қаласы тұрғындарына салынуда. «Қазіргі таңда қатерлі індетке екпе қабылдаған азаматтар қатарында облыс орталығы тұрғындары 21161 адамды құраса, ол аудандарда 18440 адамға жетті. Айта кетерлігі, күннен-күнге вакцина салдырушылар қатары артып келеді. Мәселен, 30 сәуірде 6832 адам сол тізімге енгізілді», дедіҚызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.