Коронавирус індетін жұқтырған 799 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап
2 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 707 адам коронавирус инфекциясынан (43 198 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 065 пациент стационарда, 28 642 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 799 адамның жағдайы ауыр, 177 пациенттің жағдайы өте ауыр, сондай-ақ, 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.