Бүгін Ресейден Әзербайжанға коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
40 мың доза вакцина тиелген ұшақ Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайына қонды. Ұшақты әуежайда Әзербайжан Сырты істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, осы елдегі Ресей Елшісі Михаил Бочарников, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Гасымов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Әзербайжанда вакциналау 18 қаңтарда басталды.
Әзербайжан – түрлі өндірістегі вакциналарды алуға мүмкіндік беретін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX бағдарламасының мүшесі. Елде 1 шілдеге дейін қатаң карантиндік режім орнатылған.