• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Мамыр, 2021

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

129 рет
көрсетілді

Түрікмен тарапының бастамасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. 2021 жылы өтетін жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударылды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында екіжақты байланыстарды жалғастыруға келісті.