• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2021

Атырауда 3 тоннадан астам тірі балық құтқарылды

216 рет
көрсетілді

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Ғайсиннің мәліметінше, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Атырау қаласына таяу орналасқан Бесікті ауылының маңындағы «Безымянное» жайылмалы көліне қарагөз балығы шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz

Көлде су деңгейі төмен болған. Сол себептен, балық жағаға шығып, өле бастаған. Ал, балықты жинап алуға көптеген жергілікті тұрғындар келген.

«Осыған байланысты құрамына біздің инспекцияның, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының, облыстық балық шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ, экология департаментінің өкілдері кірген арнайы комиссия құрылды. Кеше, 2 мамырда жиналған 470 келі өлі балық жойылды. Ал, 3 тоннадан астам тірі балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді», деді Нұрлыбек Гайсин.

Балықты құтқару жұмысына 10 инспектор, жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам, әкімшілік 3, инспекциядан 4 техника тартылған.