• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Мамыр, 2021

«Қазақстанның Еңбек Ерін» еске алу турнирі елордада өтеді

687 рет
көрсетілді

7-9 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда грек-рим күресінен даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz

1951 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданында туып-өскен Жақсылық ағаымыз уақыт оза Қазақстанның беткеұстар балуанына айналып, халықаралық аренада толағай табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, аса жеңіл салмақта КСРО біріншілігін екі мәрте ұтып (1975, 1980), екі реттен күміс (1978, 1979) және қола (1973, 1977) медальдарды иеленді. КСРО халықтары Спартакиадасының бас жүлдесін (1975) олжалады. Еуропа чемпионаты (1980) мен әлем кубогында (1982) екінші орынды еншіледі. Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы (1980) және әлем чемпионы (1981) атанды.

Үшкемпіровтің ел спортына сіңірген еңбегі еленіп, ол көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды. Айтулы азамат былтырғы жылдың 2-тамызында бақилық болды.

Биыл Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған турнирде Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның бірқатар аймағынан келген апайтөстер күш сынасады.    

Каратэден Португалияның бас шаһары – Лиссабонда өткен Премьер-лига додасы өз мәресіне жетті.