• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Мамыр, 2021

Си Цзиньпин экологиялық өркениет құруды ұсынды

165 рет
көрсетілді

Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин экологиялық өркениетті дамыту жөнінде стратегиялық шешім қабылдауға баса назар аударды. Сондай-ақ адам мен табиғат үйлесімділігіне сүйенген жаңғыруды ұсынды.

Қытай басшысы бұл туралы ҚКП Орталық комитеті сая­си бюросының жиынында мәлімдеген. Қытайдың 14-ші бесжылдық жоспары экологиялық табиғатты қорғауда маңызға ие. Си Цзиньпиннің айтуынша, осы қадам арқылы лас­тануды азайту және көміртегі шығарындыларын қысқартуға қол жеткізілмек.

Ол адамдар мен табиғаттың үйлесімде өмір сүруіне қол жеткізу үшін экономикалық және әлеуметтік дамуды стратегиялық тұрғыда шешуге және жоспарлауға шақырды.

Жиын барысында Си Цзиньпин Қытайдың социалистік жаңғыр­туын­дағы басты сипаттамаларының бірі адам мен табиғаттың үйлесімділігі екенін атап өтті. Сондай-ақ өнеркәсіптік, энергетикалық, көлік және жер пайдалану құрылымдарын түзетуді жеделдетуге шақырды.

«Аумақты жоспарлау мен пайдалануды бақылауды күшейту керек, ресурстарды пайдалану тиімділігі жан-жақты жақсаруы керек. Парникті газдар шығарылымын азайту – әлем алдындағы міндетіміз. Сондай-ақ терең экономикалық және әлеуметтік қайта құру оңай емес», деді Си Цзиньпин.