• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Мамыр, 2021

Үндістаннан келген азаматтар 14 күн үй карантинінде болады

174 рет
көрсетілді

Үндістаннан келген азаматтар 14 күнге дейін үй карантинінде болуы тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Үндістан аумағында таралған штамның елімізге тасымалдануына жол бермеу үшін қосымша іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасына келетін (оның ішінде үшінші елдер арқылы) тұлғалар және соңғы 14 күнде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға алынған анықтамасының болғандығына және коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан 14 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс», деді Алексей Цой.