Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 мамырда түнгі уақыт 23:50-де қалалық аурухананың жарақат бөліміне білегінен ашық жарақат алған 26 жастағы Қостанай тұрғыны келіп түскен. Тексеріс барысында әлгі азамат күш көрсетіп, дәрігерді соққыға жығып, дене жарақатын салған. Бұзақы полиция жеткенше бой тасалап үлгерген.
«Қазір полиция аталмыш тұрғынның адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ҚР ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктіні ұстау туралы шешім қабылданды», деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Қостанай облысы