• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Мамыр, 2021

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, екі жолаушы жарақат алды

125 рет
көрсетілді

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 12:30 шамасында болған. Yutong маркалы автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен автобус жолағымен шығысқа қарай жүріп бара жатып, солға қарай бұрылғанда сол бағытта келе жатқан Kia Cerato автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан ары қарай автобус инерциямен тоқтап тұрған Yong Man троллейбусына соғылды. Жол апатынан троллейбустың екі жолаушысы жарақат алды.

«Олар дене жарақатымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Материал Бостандық аудандық полиция басқармасына жіберілді», деді Алматы қалалық полиция департаментінің анықтама басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.