• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Мамыр, 2021

Желідегі видеодан кейін полиция бастығы қызметінен кетті

776 рет
көрсетілді

Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы өзіне қатысты әлеуметтік желілерде видео жариялағаннан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер органдары қызметкерінің этикаға сай келмейтін әрекеттері түсірілген видео желіде 4 мамыр күні пайда болды. 

«Бұл қызметкер персоналмен жұмыс жасау кезінде өрескел қателік жібергенін мойындады және қызметінен босатуы туралы рапорт берді. Дегенмен, бұл фактіге қатысты менің тапсырмам бойынша, Алматы облысы ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша болған жағдайға объективті баға беріледі», деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры С.М.Күдебаев. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақсу аудандық полиция бастығының міндетін атқарушы азаматтың қол астындағы қызметкерге дөрекілік танытқан сәті түсірілген видео интернетте таралып кеткен еді.