• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2021

Шымбұлаққа баратын жолды су басып қалды

280 рет
көрсетілді

Алматыда тау шатқалына апаратын жолды су басып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

5 мамыр күні сағат 15:52-де Алматы төтенше жағдайлар департаментіне шұғыл хабарлама келіп түскен. Медеу ауданындағы «Горельник» шатқалында температуралық фонның көтерілуі мен қар еруі салдарынан көлемі 5 текше метр су аққан. Бұру құбырының ластануынан (800 мм) жол төсемін су басып қалды.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар болғандар жоқ. «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қабылдаған шаралардың арқасында бұру құбыры тазартылып, су өткізу қабілеті қалпына келді.

Оқиға орнында 16 қызметкер, 6 техника жұмыс істеді. Апат салдарын жою ісіне Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Алматы Су» АҚ, Алматы қаласы ПД қатысты.