• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Мамыр, 2021

Ақмола облысының ардагерлеріне 1млн теңгеден берілді

264 рет
көрсетілді

Ақмола облысында 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден біржолғы ақшалай төлем жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыстың тоғыз өңірінде 20 ардагер тұрады.

Біржолғы ақшалай төлем Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және «ардагерлер туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын басқа да тұлғаларға берілетін жеңілдіктер бойынша аударылады.

«Төлем жасалды, қаражат ардагерлердің шотына аударылды», деді ведомство өкілі.